2021 жылғы 5 мамыр күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекесі аясында «Қазақстан – тарихтың,ерлік пен бірліктің бесігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс – шараның мақсаты: студенттердің бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халқының тарихи өткеніне, бүгінгі мен жарқын болашағына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел колледж оқытушыларының, студенттердің және кітапхана қызметкерлерінің басын қосып, осы мерекелердің тарихы, олардың идеялық мазмұны туралы әңгімеге арқау болды.
Бұл шара студенттердің өз елдерінің тарихын зерттеуге деген қызығушылығын тудырды.